Министр көз жасына ерік бергеніне қатысты: Жас - әлісіздік емес

0
1 439

БАҚ өкілі министрге «Кездесуде көз жасыңызға ерік бердіңіз. Бұл әлсіздігіңіз емес пе?» деп сұрақ қойды.


Министр көз жасына ерік бергеніне қатысты: Жас - әлісіздік емес

ERNUR.KZ. Экология министрі Зүлфия Сүлейменова орманшылардың туыстарымен кездесуде көз жасына ерік берген болатын. Үкімет куларында БАҚ өкілдері министрге бірқатар сұрақ қойды, деп жазады baq.kz.

БАҚ өкілі министрге «Кездесуде көз жасыңызға ерік бердіңіз. Бұл әлсіздігіңіз емес пе?» деп сұрақ қойды.

Экология министрі шынайы болу - әлсіздік емес екенін айтады.

Көз-жасқа ерік беруді әлсіздік деп санамаймын. Мен шынайы адаммын және мен ол жердегі отбасылардың қайғыларына ортақтастым. Өйткені екі бірдей жақынынан айырылу...Сол жердегі бірнеше отбасыны араладым, бәрінің орман шаруашылығымен әйтеуір байланысы бар, - деп жауап берді Зүлфия Сүлейменова.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы орманды қалпына келтіру үшін қанша уақыт керегін айтқан болатын. Экология министрі отставкаға қандай жағдайда кететінін айтқан болатын.