Министрлік қазақстандықтардан 11-19 наурыз аралығында тыныштық сақтауды сұрады

0
436

Қорғаныс министрлігі кей өңірлердің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлайды.


Министрлік қазақстандықтардан 11-19 наурыз аралығында тыныштық сақтауды сұрады

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығы бағдарламасы аясында 11-19 наурыз аралығында Қарағанды облысының аумағында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жауынгерлік дайындық шаралары кезінде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарының аумағында күштер мен құралдардың қозғалысы жүзеге асады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе және автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасайды. Кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады.Осы кезеңде өңірдің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін ", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты қорғаныс министрлігі азаматтардан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұрады.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды өтінді. Қолданыстағы заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп атап өтті министрліктегілер.