Моншаларға су беруге шектеу қойылуы мүмкін

0
496

Автожуу орталықтары да жұмыссыз қалуы мүмкін.


Моншаларға су беруге шектеу қойылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ақтауда қоғамдық моншаларға су берілмейін деп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Автожуу орталықтары да жұмыссыз қалуы мүмкін. Осылайша, жергілікті билік су тапшылығынан бірқатар бизнес нысандарға шектеу салмақ. Ойлана келе осындай шешім шығарған шенділер, бастапқыда, тәулігіне 1,5 мың текше метрге дейін тіршілік нәрін үнемдемекші екен. Ал, тұрғындар үшін ауыз су беру тоқтатылмайды.

Қазір монополист мекеменің тәуліктік өндірістік қуаты - 42 мың текше метр. Мамандар техникалық суды пайдалануды тәжірибеге енгізуді ұсынбақ.

Мәселен, 60 жылдары тазартылмаған суды тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланып, ауыз су тапшылығы шешілді. Қазір техникалық суды тұтыну көлемі 70% дейін қысқарған. Дегенмен, бұған кәсіпкерлердің өздері қарсы. Тәулігіне суды 52 мың текше метрден асыру энергокомбинатқа тиімсіз дейді кәсіпорын мамандары да.