МС Сайлаубек туралы сұрақты кітапқа ендірген автор елден кешірім сұрады

0
1 274

Күні кеше тек өзіне ғана түсінікті тілде ән шырқайтын МС Сайлаубек туралы сұрақтың Назарбаев мектебі оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінің тест жинағына енгені туралы ақпарат тарап, қазақстандықтар ашуға булыққан еді. Тіпті автор мен жинақты басқан баспаны жазалау керек деп те ұсыныс айтқандар болды. Жинақ авторы бұл әрекеті үшін елден кешірім сұрады.


МС Сайлаубек туралы сұрақты кітапқа ендірген автор елден кешірім сұрады
фото желі парақшасынан алынды

Күні кеше тек өзіне ғана түсінікті тілде ән шырқайтын МС Сайлаубек туралы сұрақтың Назарбаев мектебі оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінің тест жинағына енгені туралы ақпарат тарап, қазақстандықтар ашуға булыққан еді. Тіпті автор мен жинақты басқан баспаны жазалау керек деп те ұсыныс айтқандар болды. Жинақ авторы бұл әрекеті үшін елден кешірім сұрады.

«Талай 100 мың данамен шығып жүрген, ішінде қаншама қателіктер өріп жүрген оқулықтарды да көзіміз көріп жүр. Ал біздің ресми емес, тек емтиханға дайындыққа арналған Қазақ тілінен бар-жоғы 100 дана тесттер жинағының ішіндегі 5-6 жолымыз қаншама балағат, ғайбат сөздерге алып келді. Бірақ, бұл жолдар келесі басылымда ауыстырылып, түзетіліп үлгерген еді. Және бұл тест жинағы ешқандай ресми бекітілмеген, мектеп бағдарламасына енбеген» деп жазды автор Серікболсын Дүйсембай желі парақшасында.

«Мен бұны ақталу үшін де, мақтану үшін де жазып отырған жоқпын. Тек біздің қоғамның кейбір “белсенділері” мәселенің мән-жайына барып алмай, тек алып-қашпа әңгімеге еріп, жерден жеті қоян тапқандай жарыса бөлісе кететінінен Әлем көшіне ілесудің ауылы алыс па деп қалдым.

Титтей “қателігі” үшін Өз ұлын өзегінен тепкендей көрінген елге енді оралғың да келмей қалады екен.
Елден кешірім сұрадым. Ел үшін "Құрбан болуға дайынмын". Оған рухым жетеді.

Абайша айтқанда, “ақыры ойладым: тамшыдай болса да, қолымнан келгенді жасай берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керегін тапса, алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» деп сөзін түйді автор.