Мұғалімдер ата-аналарды айыппұлмен қорқытып жатыр

0
1 581

Әлеуметтік желіде сынып жетекшісінің ата-аналарға жазған хабарламасы таралуда


Мұғалімдер ата-аналарды айыппұлмен қорқытып жатыр

ERNUR.KZ. Кеше әлеуметтік желіде сынып жетекшісінің ата-аналарға жазған хабарламасы пайда болды. Онда мұғалім бала мектептен қалған жағдайда түсініктеме қабылдамайтынын ескерткен. Тек сырқаттық парақшасы ғана сабақтан қалуға себеп бола алады екен. Ал мұндай парағы болмаса, ата-анасына 15 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл хабарлама ата-аналарды дүрліктірді, деп жазады altaynews.kz.

Өскемен қалалық білім бөлімінде хабарламаға ызаланған ата-аналарды сабырға шақыруда. Олардың айтуынша, бұл жалған хабар. Егер бала ауырып қалса, ата-анасы сынып жетекшісіне қоңырау шалып, мектепке бара алмайтындары жайлы ескертеді. Емделіп, жазылған соң мектепке медициналық анықтама өткізуге тиіс.

Сондай-ақ, қандай да бір себептермен мұндай анықтама ала алмайтындай жағдай болса, күні бұрын сынып жетекшісіне баланы сабақтан бірнеше күнге босату жөнінде өтініш жазуға немесе бала мектепке қайта оралғанда жазбаша түсініктеме беруге болады.

Алайда бала дәлелді себепсіз он күннен артық уақыт сабақтан қалса, ата-анасын жауапқа тартуы әбден мүмкін.

Ал сабақтан қалғаны үшін заңсыз айыппұл талап ету фактілері туралы қалалық білім бөліміне хабарлау қажет екен.