Мұхамеджан Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

0
321

Мұхамеджан Қадіржанұлы 1967 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген.


Мұхамеджан Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұхамеджан Қадіржанұлы 1967 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген.

1989 жылы Ленинград жоғары әскери инженерлік құрылыс училищесін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2006 жылы Орталық Азия университетін бітірген.

Әскери атағы — генерал-лейтенант (2022).

1989-2007 жылддары — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының басқармасы Тыл басқармасының бастығы;

2009-2010 жылдары — «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары;

2010-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы;

2013-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Бас штабы бастығының орынбасары — Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы

2017-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары.;

2019-2020 жылдары — Ұжымдық қауіпсіздік келісімі Біріккен штабы бастығының орынбасары;

2020 жылғы қазаннан бастап Қорғаныс Министрінің орынбасары қызметін атқарып келді.