Мұхамеджан Тазабек тез баюдың үш жолымен бөлісті

0
418

Баюдың жолдары көп.


Мұхамеджан Тазабек тез баюдың үш жолымен бөлісті

ERNUR.KZ. Танымал айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желідегі парақшасында тез баюдың үш төте жолын көрсетті, деп жазады stan.kz.

“Баюдың жолдары көп. Әкеңнен мұра қалып, баюың мүмкін, еңбектеніп, қаржы жинап ұзақ уақыттан кейін байып кетуің мүмкін. Бірақ күтпеген жерден бір Алладан бонус, қазына келіп баюдың жеңіл үш жолы бар. Адамдардың бәріне кеңпейіл, тілектес болыңыз. Барынша көңіліңізді кең ұстаңыз. Біреуге ренішіңіз болса, жүрегіңізден алып тастаңыз. Біреуді қызғанып тұрсаңыз, оған тілектес болыңыз. Төтенше жағдайда, Алла сізді жақсы көріп қалып, күтпеген жерден байлық келеді. Себебі Құранда: “Құдайдан қорқыңдар, Алла ойламаған жерден ризық беріп, күтпеген жерден жол шығарады. Сіз ойламаған жерден баюыңызға себеп болатын нәрсе –Құдайдан қорқу. Ол дегеніміз – оның бұйырған амалдарын шама-шарқың жеткенше ықыласпен орындау. Және арам еткен нәрселерден оттан қашқандай қашу”, – дейді ақын.