Мұрат Нұртілеу Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

0
639

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматыда туған.


Мұрат Нұртілеу Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

Сыртқы істер министрлігіне жаңа басшы болып Мұрат Нұртілеу тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматыда туған.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.

1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.

2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 жылы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.

2007 жылы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.

2007-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.

2011 жылы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2011 жылы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.

2011-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.

2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2021-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2022 жылғы қаңтар - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Үйленген, 4 баласы бар.