​Мұз астына түсіп кеткен балалар құтқарылды

0
1 354

Атырау облысында өзендегі мұз астына түсіп кеткен балалар құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі patrul.kz. сайтына сілтеме жасап.


​Мұз астына түсіп кеткен балалар құтқарылды

фото: patrul.kz.

Атырау облысында өзендегі мұз астына түсіп кеткен балалар құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі patrul.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оқыс жағдай балалардың ойнауы кезінде орын алған. Үш ұл бала мен бір қыз бала Құрманғазы ауданындағы Шора өзені үстінде жүгіріп ойнап, арғы бетке өтпек болған. Аяқ астынан мұз жарылып кетіп, алдымен бір бала суға құлайды да, соңынан қалғандары да мұз астына түсіп кеткен.

Құрманғазы ауданы Батыс аймақтық аэромобильді оперативті құтқарушылар тобының жылдам әрекет етуінің арқасында балалар дер кезінде құтқарылды. Балалар қатты қорқып қалған. Құтқарушылар балаларды жұбатып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Жергілікті құтқарушылар көктем мезгілінде өзен мұзының кез келген сәтте жарылып кетуі мүмкін екенін айтып, тұрғындарға абай болуын және балаларды назардан тыс қалдырмауын ескертеді.