Мәжіліс екі миллион адамның жалақысын көбейтетін заң жобасын мақұлдады

0
1 077

​Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев аз жалақы алатын, атап айтқанда, айына 25 еселенген АЕК-тен (2018 жылы 60 125 теңге болды) аспайтын көлемде еңбекақы алатын қазақстандықтар үшін салықты төмендетуді ұсынған болатын.


Мәжіліс екі миллион адамның жалақысын көбейтетін заң жобасын мақұлдады

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі түзетулердің жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев аз жалақы алатын, атап айтқанда, айына 25 еселенген АЕК-тен (2018 жылы 60 125 теңге болды) аспайтын көлемде еңбекақы алатын қазақстандықтар үшін салықты төмендетуді ұсынған болатын. Олар үшін жеке табыс салығы он есе азайтылмақ. Салықтан босатылған қаржы сол азаматтардың жалақысын көбейтуге жұмсалады. Нәтижесінде екі миллионнан астам адамның жалақысы артады.

"Бұл норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді", — деп жазылған мәжілістің қорытындысында.