«Нағыз махаббат»: Алтыбақан тепкен қарттар елді сүйсінтті (видео)

0
3 103

​Бір-біріне күлімдеп қарап, алтыбақан тепкен қарттар елдің таңданысын тудырды. Желіде тараған видеодан зейнет жасындағы қарттардың алтыбақан теуіп тұрған сәтін көруге болады.


«Нағыз махаббат»: Алтыбақан тепкен қарттар елді сүйсінтті (видео)

Бір-біріне күлімдеп қарап, алтыбақан тепкен қарттар елдің таңданысын тудырды. Желіде тараған видеодан зейнет жасындағы қарттардың алтыбақан теуіп тұрған сәтін көруге болады. Алтыбақанның арғы жағында кішкентай балалар серуендеп жүр. Жазық далада алаңсыз көңіл көтерген әжей мен ақсақалды көрген желідегілер олардың махаббаттарына тәнті болып, ұзақ ғұмыр тіледі. Бұл видео желіде «осылай қартаю барлықтарыңызға бұйырсын» деген атаумен тез тарап кетті. «Шіркін, осы күнге алаңсыз жеткізсе екен», «Осындай апа-ата болуды Алла нәсіп етсін. Осы кісілердей әдемі қартаю әрбірімізге бұйырсын», «Қандай бақытты жандар» деген пікірлеріне жаудырқан желі қолданушылары қос қарттың бұл әрекеті ұрпақ тәрбиелеуде өнеге боларын сөз етті.

Видео: желіден алынды