Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады

0
2 666

Мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн – 21-23 күндері демалады.


Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады

Фото: astrobl.ru

Биыл қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай 5 күн демалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн – 21-23 күндері демалады.

Дегенмен, биыл 21 наурыз жексенбіге дәл келіп отыр. Ал «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады. Жалпы, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.