Назарбаев 11 желтоқсанда өтетін жиынға қатысады

0
914

​Jas Otan қатарында 106 мыңнан астам жас азамат бар. Ұйым еліміздің барлық облыстарында және үш ірі қаласында жұмыс істейді.


Назарбаев 11 желтоқсанда өтетін жиынға қатысады

ERNUR.KZ. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 11 желтоқсанда Jas Otan жастар қанатының V съезіне қатысады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жастар қанатының сайтында Jas Otan 20 жыл ішінде "еліміздің жастар саясатының авангардына, жастар бастамаларының локомотивіне, мыңдаған жас және өршіл адам үшін әлеуметтік лифтке айналғаны" көрсетілген.

Айта кетейік, Jas Otan қатарында 106 мыңнан астам жас азамат бар. Ұйым еліміздің барлық облыстарында және үш ірі қаласында жұмыс істейді. Сонымен қатар жасотандықтар 37 қалалық, 171 аудандық бөлімшелерде белсенді қызмет атқарып жүр.

Сондай-ақ, жастар қанаты Қазақстанның 230 кәсіпорны мен 96 жоғары оқу орнында бар.