Назарбаев атындағы Астана әуежайының атауы өзгере ме?

0
531

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының үш әріптік коды ескі TSE-ден жаңа NQZ-ге 2020 жылдың сәуірінде өзгертілді.


Назарбаев атындағы Астана әуежайының атауы өзгере ме?

ERNUR.KZ. Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атауы өзгере ме? Сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

ААК ресми сауалға жауап беріп, қазір мұндай жоспарлар жоқ екенін мәлімдеді.

"Бүгінде Астана әуежайының атауын өзгерту, сондай-ақ әуежайдың үш әріптен құралған кодын (NQZ. - еск.) өзгерту мәселесі комитеттің күн тәртібінде жоқ", - делінген хабарламада.

Дәл осыған ұқсас жауапты елорда әуежайының баспасөз қызметі де берді – қала Нұр-Сұлтан деп аталған кезде әуе айлағына берілген әуежай кодын өзгерту жоспарда жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының үш әріптік коды ескі TSE-ден жаңа NQZ-ге 2020 жылдың сәуірінде өзгертілді. Өзгерістер ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымында күшіне енген болатын.