Назарбаев ескерткішінің тұғыры Талдықорғанның көркін бұзғандықтан алынып тасталды

0
214

Желіде тұңғыш президент ескерткіші тұғырының жоғалуына қатысты ақпарат қызу талқылға түсті.


Назарбаев ескерткішінің тұғыры Талдықорғанның көркін бұзғандықтан алынып тасталды

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласының әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастау себебін түсіндірді, деп жазады stan.kz.

Желіде тұңғыш президент ескерткіші тұғырының жоғалуына қатысты ақпарат қызу талқылға түсті. Барлық демонтаж жұмыстары түнде жүргізіліп, қала тұрғындары бұл процесті байқамай қалған.

Талдықорған қаласының әкімдігі тұғырдың бөлшектену себебін түсіндірді.

"Ескерткіштің төменгі бөлігінің қалдықтары қала орталығының сәулеттік келбетін бұзуына байланысты тұғыр бөлшектелді. Қазір аталған жерде ешқандай мәдени нысанды қалпына келтіру немесе салу жоспарда жоқ", - деп хабарлады Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбібеков.

Еске салайық, Тұңғыш президент ескерткіші қаңтар айының басында болған тәртіпсіздіктер кезінде бұзылған болатын.