Назарбаев Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Тоқаевқа береді

0
749

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырады.


Назарбаев Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Тоқаевқа береді

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясына төрағалық етеді. Партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осындай шешім қабылданды, деп жазады sputnik.kz.

"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев партияны ел президенті басқару қажеттігін айтып, Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін тапсыруға шешім қабылдады", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Оның айтуынша, партия басшысының өкілеттігін тапсыру жұмысы партия жарғысы бойынша атқарылады.