Назарбаев туралы деректі фильмнің жалғасы: Бір топ адам әкімдікті басып алмақшы болды...

0
1 283

Бұл арада осындай былық болуы мүмкін еді.


Назарбаев туралы деректі фильмнің жалғасы: Бір топ адам әкімдікті басып алмақшы болды...

ERNUR.KZ. "Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінің шығатын күні белгілі болды, деп жазады zakon.kz.

Елбасы баспасөз хатшысының айтуынша, 15 желтоқсанда сағат 21: 40-та "Хабар" телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмнің жалғасы көрсетіледі.

- Бұл арада осындай былық болуы мүмкін еді. Бір топ адам әкімдікті басып алу туралы шешім қабылдайды. Мәселе 50-де 50 жағдайында тұрады. Сондықтан бұл жайттың алдын алу үшін қарулы күштерді тарту қажет болды, - дейді Назарбаев видеода.

Деректі фильм 1 желтоқсанда көрермендерге жол тартты. Ол кезде, фильмде Назарбаев президенттік өкілеттігін билікке өткізіп беруі туралы айтқан.