Назарбаев қазақстандықтарға видеоүндеу жасады

0
910

Мемлекет басшысының республикалық "Challenge Другой ты!" спорттық бастамасын қолдап, осы акция қатысушыларына арнап видеоүндеу жасағаны айтылады.


Назарбаев қазақстандықтарға видеоүндеу жасады

видеодан алынған кадр

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеоны Президенттің YouTube хостингіндегі баспасөз қызметі жариялады.

Мемлекет басшысының республикалық "Challenge Другой ты!" спорттық бастамасын қолдап, осы акция қатысушыларына арнап видеоүндеу жасағаны айтылады. Бұл бастаманың мақсаты - еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дәріптеу. Акция аясында қазақстандықтарды физикалық жаттығулар жасап, спортпен айналысуға ынталандыратын отандық белгілі спорт өкілдерінің, мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығу өткізу жоспарланған.