Несиеге өтініш бердіңіз бе: Алаяқтар енді WhatsApp арқылы алдай бастады

0
2 748

Олар сіздің атыңыздан жасалған банк операциялары туралы хабарлайды.


Несиеге өтініш бердіңіз бе: Алаяқтар енді WhatsApp арқылы алдай бастады

ERNUR.KZ. Өңірде интернет-алаяқтардың WhatsApp мессенжерін пайдалану жағдайлары жиілеп кетті, деп жазады Kazinform.

WhatsApp мессенжерімен қоңырау шалған алаяқтар өзін банк қызметкерімін деп таныстырады да, қауіпсіздік және алаяқтықтықтан қорғау үшін аталған қосымша пайдаланылатынына сендіреді.

Олар сіздің атыңыздан жасалған банк операциялары туралы хабарлайды.

Мысалы, «Сіз онлайн несие алуға өтініш бердіңіз бе?», «Басқа қаладан карта ауыстыруға өтініш тіркелді», «Өтінімді растайсыз ба?», «Сіз Каспи және Халық банкінің клиентісіз бе?» және т. б.

«Егер сізге осылай қоңырау шалса, ешқандай мәлімет бермеңіз және әңгімені дереу тоқтатыңыз. Себебі банк қызметкерлері жұмыс қоңырауына WhatsApp мессенжерін қолданбайды. Күмән туындаған жағдайда қаскүнем болып көрінетін ұйымның ресми байланыс нөміріне қайта қоңырау шалыңыз, сондай-ақ 102-ге хабарласыңыз» деп ескертеді Жетісу облыстық полиция департаменті.