Нұр-Сұлтанда арнайы операция кезінде есірткі арнасы жойылды

0
607

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз айналымнан 1,5 келі мефедрон, 1,4 келі альфа-ПВП және 659 МДМА таблеткасы (экстази) тәркіленді.


Нұр-Сұлтанда арнайы операция кезінде есірткі арнасы жойылды

ERNUR.KZ. ҰҚК-нің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «А» есімді елорда тұрғының ұстады. Ол аса ірі көлемде психотроптық заттарды сатуға қатысы бар деген күдікке ілінді, деп жазады Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз айналымнан 1,5 келі мефедрон, 1,4 келі альфа-ПВП және 659 МДМА таблеткасы (экстази) тәркіленді.

Есірткі астананың орталығындағы жалдамалы пәтерге оралып, интернеттегі онлайн платформалар арқылы тұрақты түрде сатылып тұрған.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғаны бойынша тергелуде.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастыруда.