Нұр-Сұлтанда дабыл іске қосылады

0
657

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабыр сақтап, үрейленбеуге шақырады.


Нұр-Сұлтанда дабыл іске қосылады

ERNUR.KZ. Ертең, 12 желтоқсан күні елордада электродабыл іске қосылады, деп жазады ҚазАқпарат.

«12 желтоқсан сағат 09:55-те телерадио арналарды ұстап қалу және электродабыл қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі. Төтенше жағдай орын алған кезде немесе сондай қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады. Ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар іс-әрекет туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидар, радио және басқа) қосуы керек» делінген ТЖД хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабыр сақтап, үрейленбеуге шақырады.