Нұр-Сұлтанда коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәрі қолданылып жатыр

0
700

Бұл коронавирус жұқтырған науқастардың арасында өлім қаупін төмендеткен алғашқы дәрі.


Нұр-Сұлтанда коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәрі қолданылып жатыр

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда науқастарға коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәрі беріліп жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп жазады тengrinews.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы комиссия коронавирус инфекцисын емдеу туралы хаттамаға үнемі өзгерістер енгізіп отырады. Біз бекітілген хаттама бойынша жұмыс істейміз. Дексаметазон препараты туралы айтатын болсақ, иә, бізде ондай препарат бар. Оны біздің әріптестер ауруы асқынған науқастарды емдеу процесінде қолданып жатыр", - деді Қисықова.

Айта кетейік, мұның алдында ұлыбританиялық ғалымдар дексаметазон препаратының коронавирус жұқтырып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған науқастардың жағдайын оңалтуға көмектесетіні анықтаған еді. Мұндай шешімге Ұлыбритания ғалымдары келген.

RECOVERY клиникалық зерттеуі Ұлыбританияда наурызда басталған. Жобаға жалпы 11 500 науқас 175 аурухана бойынша қатысып, түрлі дәрі-дәрмекті сынақтан өткізген.

Ал кейінірек ДДҰ коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәріге қатысты пікір білдірген болатын.

"Бұл коронавирус жұқтырған науқастардың арасында өлім қаупін төмендеткен алғашқы дәрі", - деп мәлімдеген еді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.