Нұр-Сұлтанда «Pata travel mart 2019» көрмесі ресми түрде ашылады

0
894

«Pata travel mart 2019» көрмесіне әлемнің 60 елінен 1000-ға тарта делегат келді.


Нұр-Сұлтанда «Pata travel mart 2019» көрмесі ресми түрде ашылады

ERNUR.KZ. Бүгін елордада «Pata travel mart 2019» көрмесі ресми түрде ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық туристік шара 1978 жылдан бері әлемнің 44 қаласында ұйымдастырылған. Міне, ТМД аумағында алғаш рет 1000-ға тарта делегатты жинап отыр.

– Бұл халықаралық туристік көрменің маңызы зор. Алдымен ұйымдастырушылар лента кесу рәсімін өткізеді. «Pata travel mart 2019» көрмесіне Азия және Тынық мұхиты елдерінің қауымдастығы мұрындық болған. b2b форматындағы ауқымды шара аумақтағы 40 мемлекетте өтіп келді. Биыл кезекті отанымыз Қазақстан қабылдады. Көрмеде елдегі туроператорларға арналған алаң дайындалған. Мұндағы мақсат – шетелдік әріптестермен танысып, байланыс орнату. Жалпы бүгін – шараның екінші күні, - дейді Мерей Мұратханқызы.

«Pata travel mart 2019» көрмесіне әлемнің 60 елінен 1000-ға тарта делегат келді. Олардың қатарында туристік өнімдерді сатып алушылар, халықаралық БАҚ өкілдері бар. Жоспар бойынша сағат 11-ге тақау медиа-брифинг ұйымдастырылуы керек. Ал түстен кейін Азия даму банкінің тұрақтылық турасындағы жобаларымен танысатын боламыз.