Нұр-Сұлтанда пәтерден 55 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды (фото)

0
939

Ер адам белгісіз біреулердің пәтерге кіріп, сейфте сақталған ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткенін мәлімдеген.


Нұр-Сұлтанда пәтерден 55 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды (фото)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлердің бірінен 55 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды деп, жазады жергілікті полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана тұрғыны жергілікті полиция департаментіне пәтер ұрлығы жөнінде арыз берді.
Ер адам белгісіз біреулердің пәтерге кіріп, сейфте сақталған 55 млн теңге ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткенін мәлімдеген.
Оның айтуынша, ұрланған соманың басым бөлігі пәтер сатылымынан түскен, ал қалғаны – жиналған ақша.
"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің ізіне түсті. Оның пәтер ұрлығы үшін бірнеше рет сотталған Семей тұрғыны екені анықталды. Астанаға уақытша келген ол пәтер ұрлығымен айналысқан", – делінген департаменттің хабарламасында.
Семей қаласында қолға түскен күдікті жақын арада астанаға жеткізіледі.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Аталған тұлғаның заңға қайшы әрекеттерінен жапа шеккен азаматтарды "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасына хабар беруін сұраймыз. Мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы Ақбұғы көшесі, 2 және 8 (7172) 71-66-76 немесе 102 нөмірі", – деп хабар таратты полиция департаменті.