Нұр-Сұлтанда Жоғарғы сот судьясы пара алғаны үшін бес жылға сотталды

0
666

Сот Жанғұттиновтің азамат Абдусаттаров арқылы Тұрғынбаевадан 7 мың доллар пара алғанын анықтады.


Нұр-Сұлтанда Жоғарғы сот судьясы пара алғаны үшін бес жылға сотталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Байқоңыр ауданының №2 соты Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы Мейрам Жанғұттинов пен Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Лиза Тұрғынбаеваның үкімін жариялады, деп жазады Stan.kz

Сот Жанғұттиновтің азамат Абдусаттаров арқылы Тұрғынбаевадан 7 мың доллар пара алғанын анықтады.

"Тұрғынбаева бөгде азамат арқылы жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамға ірі көлемде пара берген. Параны жеткізуші азамат Абдусаттаровқа қатысты тергеу органы құқық қорғау органына пара беру туралы өз еркімен арыздануына байланысты қылмыстық істі сот қарауына дейін қысқартты", - деді сотта.

Жанғұттинов пен Тұрғынбаеваның кінәсі келесі дәлелдермен расталды:

  • Тұрғынбаева өз кінәсін мойындап, Абдусаттаров арқылы Жанғұттиновке пара ретінде ақша бергенін айтты;
  • Абдусаттаровтың ақшаны алғаны туралы қолхаты бар;
  • Тұрғынбаеваның қызы Абдусаттаровқа ақша берілгенін растады;
  • Тұрғынбаева мен Абдусаттаров таспаға жазылған әңгімелерінде ақшаны аударудың мән-жайы мен мақсатын талқылайды;
  • Жасырын тергеу әрекеттерінің және оқиға болған жерді тексеру нәтижелері бойынша Жанғұттиновтің Абдусаттаровтан 7 000 АҚШ долларын алғаны анықталды.

Айыптаушы тарап 7 мың емес 27 мың доллар пара алғаны туралы мәлімдеген, алайда сот бұған дәлел таппады.

Сот судьяның антын бұзуды Жанғұттинов пен Тұрғынбаеваға қатысты ауырлататын мән-жай деп танып, нақты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны әділетті деп санады.

Мейрам Жанғұттинов пен Лиза Тұрғынбаева 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.