Нұр-Сұлтандағы "Сергек" камералары ережебұзушылықтың тағы бір түрін тіркейтін болды

0
690

Бұл жаңашылдық "Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі" жедел алдын алу іс-шарасы аясында енгізілді"


Нұр-Сұлтандағы

ERNUR.KZ. Елордада "Сергек" камералары жол қозғалысы ережелерін бұзудың тағы бір түрін тіркей бастады, деп жазады tengrinews.kz

"Нұр-Сұлтандағы 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде "бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту" ересін бұзғандарды анықтау бойынша "Сергек" камераларының қосымша функциясы әзірленіп, енгізілді. Бұл жаңашылдық "Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі" жедел алдын алу іс-шарасы аясында енгізілді", - делінген ақпаратта.
Полиция өкілдері 2021 жылы қаланың жаяу жүргіншілер өткелінде 98 жол-көлік оқиғасы болғанын атап өтті. Оның салдарынан 95 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.
Полиция департаменті өкілдері жол қозғалысының барлық қатысушысына бір-біріне өзара құрмет көрсетуді, ал жүргізушілерге абай болуды және жаяу жүргіншіні көргенде жылдамдықты төмендетуді сұрады.