Нұр-Сұлтаннан ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

0
726

​Елорда әуежайының баспасөз қызметі әуе кемесінің ауыстырылатынын хабарлады.


Нұр-Сұлтаннан ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

ERNUR.KZ. Сәрсенбі күндіз Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ техникалық себептерге байланысты елорда әуежайына қайта оралды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"КС7056 рейсі Нұр-Сұлтан әуежайынан 14:34-те ұшып шықты. Біраз уақыттан соң әуе кемесі техникалық себептерге байланысты әуежайға қайта оралды", - деді елордалық әуежайдың баспасөз қызметіндегілер.

Әуежайдың ақпаратынша, әуе кемесі ауыстырылады. Рейстің ұшуы сағат 23:40-қа дейін шегерілді.

КС7056 рейсін FlyArystan әуе компаниясы орындаған.