«Нұр жолы» бекетінің бірқатар қызметкері ұсталды

0
634

Олар жүк тиелген көліктерді бекеттен кедергісіз өткізіп тұру үшін пара алып келген.


«Нұр жолы» бекетінің бірқатар қызметкері ұсталды

ERNUR.KZ. «Нұр жолы» бекетінің 8 қызметкері ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Көліктік прокуратураның хабарлауынша, жүк тиелген көліктерді бекеттен кедергісіз өткізіп тұру үшін, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау мамандары және кеденде қызмет атқарған мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жүйелі түрде пара алып келген.

Қазіргі уақытта ұсталған 8 адамға қатысты тергеу жұмыстары басталып, іс бас көліктік прокуратураның бақылауына алынған.