"Нұрлы жерге" бөлінген қаржының жартысынан көбі игерілген жоқ

0
527

​Сенатор Андрей Лукин үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында осылай деп дабыл қақты.


ERNUR.KZ. Депутаттың мәлімдеуінше, «Нұрлы жер» қолжетімді тұрғын үй салу мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 873,8 млрд теңге бөлінген. Қомақты қаржының 476,8 млрд теңгесі ғана жұмсалған, деп жазады inbusiness.kz.


«Нұр-Сұлтан қаласында 45,2 мың, Алматы облысында 43,3 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр», – деді Андрей Лукин.


Халық қалаулысы 2017-2019 жылдар аралығында елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 32,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанын алға тартты.


«Бұл көңіл көншітерлік нәтиже емес, кезекте тұрғандардың саны тым көп. Баспана кезегінде тұрғандардың денін әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар, мемлекеттік және бюджет ұйымдарының қызметкерлері сондай-ақ әскери адамдар құрайды. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын игеру деңгейі төмен. «Нұрлы жерге» бөлінген қаражаттың 50%-дан астамы игерілмеген», – деді депутат.