"Нұрлы жолға" кіріп кеткен көлік эскалаторды соқты

0
1 322

Жол ережесін өрескел бұзып, вокзал ішіне көлікпен кірді


фото: NUR.KZ

ERNUR.KZ. Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалы ғимаратына көлік кірді. Оқиға орнынан суреттер Казнетте пайда болды, деп жазады NUR.KZ.

"Үстіміздегі жылдың 12 тамызында кешкі сағат 19.40-та «Нұрлы жол» вокзалы маңындағы тұраққа көлікті қою үшін бағыт алған жүргізуші көлікті игере алмай, жол ережесін өрескел бұзған күйде эскалаторға барып соғылды", - деп мәлімдеді Астана ІІД.

«Нұрлы жол» теміржол вокзалы тұрағындағы орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты әкімшілік іс қозғалған.

Жол-көлік оқиғасында зардап шегушілер жоқ. Көлік айып тұрағына жөнелтілді.