Нұржан Әлтаевқа шыққан үкім өзгеріссіз қалды

0
594

Сот сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті экс-вице-министрге қатысты үкімді былтыр шығарған еді.


Нұржан Әлтаевқа шыққан үкім өзгеріссіз қалды

ERNUR.KZ. Астана қалалық сотының баспасөз қызметі экс-депутат, тіркелмеген "Ел тірегі" партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевқа шыққан үкім өзгеріссіз қалғанын хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, сот сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті экс-вице-министрге қатысты үкімді былтыр шығарған еді. Ол 10 жылға сотталған. Үкімнің бүгін өзгеріссіз қалғаны белгілі болды.

Экс-депутат не үшін айыпталды?

31 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-мәжілісмен, тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен болатын. Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевтың ісін жабық режимде өткізуді сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырған еді.

Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевқа қандай айып тағылып отырғанын айтты. Оның сөзінше, экс-мәжілісмен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрған кезде “2018-2020 жылдар аралығында делдалдар арқылы 50 млн теңгеден артық пара алған”. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалған. Сотта Нұржан Әлтаев өзіне тағылған айыпты «сандырақ» деп атаған. Қазақстандық құқық қорғаушылар оны “саяси тұтқын” деп таныған.