Облыс орталығы мен аудан әкімдерін сайлау өтеді – ОСК мәлімдеме жасады

0
721

Сайлаудың қорытындысы бір аптаның ішінде 11 қазаннан кешіктірілмей жарияланады.


Облыс орталығы мен аудан әкімдерін сайлау өтеді – ОСК мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін сайлау бойынша мәлімдеме жасады, деп жазады sputnik.kz.

Сайлау 5 қарашаға белгілеп отыр. Сол күні халық 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін сайлайды. Кандаттарды ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталады. Одан кейін барлығын тіркейді. Ал сайлау алдындағы үгіт-насихатқа 24 күн (10 қазан мен 4 қарашаның аралығы) беріледі.
Ал сайлаудың қорытындысы бір аптаның ішінде 11 қазаннан кешіктірілмей жарияланады.
Айта кетері, бұған дейін Қарағанды облыстық мәслихаты екі аудан мен бір қала әкімдерін сайлауды өткізетінін мәлімдеді. Атап айтқанда, Ақтоғай және Осакаров аудандарында, сондай-ақ, Приозерск қаласында жергілікті тұрғындар әкімді сайлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 16 наурызда жасаған жолдауында 2023 жылдан бастап пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды тапсырған болатын.