Оқушылардың жаппай улануы: Жаңа деректер шықты

0
445

Науқастарға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде.


Оқушылардың жаппай улануы: Жаңа деректер шықты

ERNUR.KZ. Байзақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылған 35 адамның жағдайы орташа, тұрақты, деп жазады baq.kz.

Науқастарға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде.

Бұл мәселе бойынша Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысының әлсіздікке, құсу бойынша шағымданған алғашқы өтініші 7 қараша күні түстен кейін тіркелді.

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, республикалық мамандардан, анестезиологтардан, педиатрлардан, токсикологтардан және инфекционистерден тұратын комиссия құрылды. Сағат 23.00-ге дейін өтініш білдіргендердің жалпы саны 46 адамды құрады (2 мұғалім, 44 бала). 46 адамның 33-і ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа, тұрақты, - делінген Жамбыл облысы әкімдігі таратқан хабарламада.

Ауруханаға жатқызылғандарға детоксикация терапиясы жүргізілді. Антибиотикалық емдеуді қажет етпейтін 13 адам медициналық кеңес алғаннан кейін амбулаториялық емдеу және үйден бақылау үшін қайтарылды.

Жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрдан, учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ 205 ауланы аралап, осы күні оқу орнының асханасына келген қалған оқушыларды тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда, шағымдар мен ауру белгілері жоқ. Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясын тамақпен қамтуға жауапты ЖК "Тоқсейітовтің" жұмысы мән-жайлар нақтыланғанға дейін тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Мектеп оқшауланған, бактериологиялық зерттеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың жаппай улануына қатысты түсініктеме берген болатын.