Олжас Бектенов Астанада РФ елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

0
1 535


Олжас Бектенов Астанада РФ елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.