«Омикрон» жұқтырған адамдар үшін карантин 14-тен 10 күнге қысқарады

0
573

«Омикрон» нұсқасынан туындаған коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, карантин және Ашықтағы мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралды.


«Омикрон» жұқтырған адамдар үшін карантин 14-тен 10 күнге қысқарады

ERNUR.KZ. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

«Сонымен, жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте, 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады», - деді министр.

Егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз 10-шы күні аяқталады.

«Бұл өлшем шарттар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен Ашықтағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты», - деді ол.