"Ондай мүмкіндік жоқ": Министр Саясат Нұрбек тегін жоғары білім беру жайында айтты

0
482

Министр Қазақстанда тегін жоғары білім беру мәселесі неге көтерілмегенін айтты.


ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы бірнеше жылға арналған болжаммен есептеулер жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады stan.kz.

Министр Қазақстанда тегін жоғары білім беру мәселесі неге көтерілмегенін айтты.

"Біздің 15 жылға болжаммен жүргізіп жатқан актуарлық есептеулер бізде мұндай мүмкіндіктің әлі жоқ екенін көрсетеді", - деді министр.

Сондай-ақ ол мемлекеттік білім беру тапсырысы қазір мектеп түлектерінің 40 пайыздан сәл астамын грантпен қамтуға мүмкіндік беретінін еске салды.

"Грант саны қысқармайды, керісінше көбейтіледі. Бірақ демографиялық өсім жоғарылағандықтан, гранттар университеттерге жоғары қолжетімділікті сақтау үшін жеткіліксіз болады. Қазіргі уақытта ересектердің шамамен 62% жоғары оқу орындарында оқиды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш шамамен 80% құрайды. "Келешек" бағдарламасы – жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтудің қосымша тетігі", - деді ол.

Бұған дейін министр бала туу көрсеткішінің жоғары өсуі аясында болашақта білім беру жүйесіне жүктеме айтарлықтай артатынын айтқан болатын.

2040 жылға қарай қолданыстағы тәсілдер сақталатын болса, бұл көрсеткіш шамамен 15%-ға дейін төмендейді.

Мұндай жағдайдың алдын алу үшін Қазақстанда азаматтардың жоғары білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз етудің қосымша тетігіне айналатын және қолда бар қолдау шараларын біріктіретін "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды.