Өңірлерге 152 вагон қант жеткізіледі - Ауыл шаруашылығы министрлігі

0
397

Қазақстандық зауыттарда қант өндірісі тариф жеңілдік бойынша басқа елдерден жеткізілетін шикі құрақ қант арқылы жүзеге асырылады.


Өңірлерге 152 вагон қант жеткізіледі - Ауыл шаруашылығы министрлігі

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі ҚТЖ ұлттық компаниясымен бірлесіп, өңірлерге кедергісіз қант жеткізу мәселесі шешілгенін айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"28 мамырдан бастап "ҚТЖ "ҰК" АҚ өңірлерге стратегиялық тауарды үздіксіз жеткізу үшін вагондардың өткізілуіне ерекше бақылау орнатты.
Қазір Қазақстан аумағы бойынша теміржол арқылы 152 вагон қант тасымалданады. Бұдан бөлек, теміржол арқылы 116 вагон өңдеуге арналған шикі қант құрағы жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Қазақстандық зауыттарда қант өндірісі тариф жеңілдік бойынша басқа елдерден жеткізілетін шикі құрақ қант арқылы жүзеге асырылады.

Облыс әкімдіктеріне жеткізілетін қантты жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды.

"Отандық зауыттарда қант өндірісі тоқтамайды, оны өңірлерге үздіксіз жеткізу жүзеге асырылады. Өнім қоры үнемі толықтырылып отырады. Елді қантпен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің тұрақты бақылауында", - деп толықтырды Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Оралда дүкен сөрелерінде қант жоқ екені хабарланған болатын. Кейбір жерлерде келісі 600 теңгеден сатылған еді.