"Онлайн ойын себеп болуы мүмкін": Қарағандыда 10 жастағы бала жетінші қабаттан құлап, көз жұмды

0
633

Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі бала өлімінің тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.


ERNUR.KZ. Қарағандыда 10 жастағы бала көпқабатты үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмды, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға туралы ақпаратпен бөліскен блогер Денис Денскидің айтуынша, оқиға кеше түнде болған.

"Оқиға туралы жазба жарияланғаннан кейін көз жұмған баланың отбасымен таныс оқырмандардан хабарламалар түсе бастады. Олардың айтуынша, баланың өліміне телефондағы онлайн ойын түрі себеп болуы мүмкін. Оқырмандардың бірі баланың өте белсенді және көпшіл болғанын, өз-өзіне қол жұмсауға ешқандай алғышарттар болмағанын айтты", — делінген блогер жазбасында.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бала өлімінің тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.