"Оно" фильміндегі клоун қостанайлықтардың үрейін қашырды (видео)

0
1 072

Түрі қорқынышты клоун кинотеатр экранынан шығып кеткендей әсер қалдырған.


ERNUR.KZ. "Оно" фильмінің екінші бөлімінің премьерасынан кейін Қостанай көшелерінде Пеннивайз клоун пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Түрі қорқынышты клоун құдды бір жергілікті кинотеатр экранынан шығып кеткендей. Ол біршама жұртшылықтың үрейін қашырды. Алайда Пеннивайз клоуны сауда орталығына кіре алмады, оның алдынан күзетші шығып, оның бетпердесін шешуді талап етті.

Стивен Кингтің романы бойынша түсірілген фильмнің басты кейіпкерін жергілікті вайнерлер (art_viners командасы) тірліткен екен. Негізінде жаңа фильм шыққан уақытта, басты кейіпкердің көшеде, не кинотеатр алдында жүруі жиі кездесетін жағдай. Бұл көрерменнің фильмге деген қызығушылығын арттыру үшін жасалады.