Оңтүстік Корея Алматыға коронавирусты анықтайтын ПТР тестілер жеткізді

0
715

Medical Partner Korea медициналық клиникасы COVID-19 індетін анықтайтын 1000 дана медициналық тест сыйлады.


Оңтүстік Корея Алматыға коронавирусты анықтайтын ПТР тестілер жеткізді

ERNUR.KZ. Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Medical Partner Korea медициналық клиникасынан COVID-19 індетін анықтайтын 1 мың дана медициналық тестін сыйға алды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Осыған дейін де Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес аясында Оңтүстік Корея елімізге түрлі медициналық қорғаныс құралдарын жолдаған болатын. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі достас Оңтүстік Кореяға осындай күрделі кезеңде бүкіл адамзатқа көрсеткен мейірімді іс-әрекетіне алғыс білдіреді», делінген министрліктің Telegram-дағы парақшасында