Оңтүстік Корея президенті Нұр-Сұлтанға ұшып келді

0
1 305

Оңтүстік Корея Республикасының президенті елбасы Назарбаевпен және президент Тоқаевпен кездеседі.


Оңтүстік Корея президенті Нұр-Сұлтанға ұшып келді

ERNUR.KZ. Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді, деп жазады ҚазАқпарат.

Сапар аясында оның Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесулері, сондай-ақ Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатысуы жоспарланған. Бұған дейін Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Орталық Азияға сапары аясында 21-23 сәуір күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.