Оңтүстік өңірде -5-ке дейін күн суытуы мүмкін

0
641

Жауын-шашын және қатты екпінді жел де күтіледі.


Оңтүстік өңірде -5-ке дейін күн суытуы мүмкін

иллюстрациялық фото

Синоптиктер 8 -9- 10 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа-райы циклоны ауысып, күн күрт суытады.

8 -9 сәуірде түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп күтілуде.

Сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 8 сәуір күні түнде 25 м/с күтіледі.

9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градус аяз, оңтүстікте 3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

Шымкент қаласында 8 сәуірде тәулік бойы, 9 сәуірде түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15- 20 м/с күтіледі. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-2 градус аяз дейін күрт төмендеуі күтіледі.