Оралда 11 жастағы бала тоғызыншы қабаттағы балконнан секіріп кетті

0
417

Кәмелетке толмаған бала аулада тұрған көліктің үстіне құлаған.


Оралда 11 жастағы бала тоғызыншы қабаттағы балконнан секіріп кетті

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Орал қаласында жасөспірім көпқабатты үйдің балконынан секіріп кетті, деп жазады baq.kz.

"Мой город" порталының жазуынша, оқыс оқиға 9 желтоқсанда №6 ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

9 желтоқсанда сағат 23:40 шамасында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған бала тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп, аулада тұрған көліктің үстіне құлады. Ол дереу ауруханаға жеткізілді, делінген хабарламада.

Баланың комада жатқаны, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны да нақтыланады.

БҚО полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігі, "Кәмелетке толмаған адамды өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша қолға алынды. Бұл баптың санкциясы сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.