Оралда із-түзсіз кеткен 9 жасар баланың денесі табылды

0
1 360

Нұрасыл Мәди Орал қаласындағы Ескі әуежай ауданы Самал көшесі 94-үйден 5 қыркүйек күні сағат 17.40-та шығып кеткен.


Оралда із-түзсіз кеткен 9 жасар баланың денесі табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстанда кеше кешкісін жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі табылды, деп жазады Мой город.

Полицияның мәліметінше, 9 жасар Нұрасыл Мәдидің денесі бүгін Ескі әуежай ауданындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің аумағынан табылған.


«Біздің ойымызша, бала құрылыс алаңына кіріп, биік жерден құлап кеткен» дейді полиция қызметкерлері.

Еске салайық, 9 жасар Нұрасыл Мәдиді іздеуге полицейлер, еріктілер мен ұстаздар атсалысқан. Ол Орал қаласындағы Ескі әуежай ауданы Самал көшесі 94-үйден 5 қыркүйек күні сағат 17.40-та шығып кеткен.

Нұрасыл Мәди – ерекше бала еді, Даун синдромына шалдыққан. І топ мүгедегі, оның үстіне сөйлей алмайтын.