Оралда кафедегі жарылыстан екі адам қаза тапты

0
944

Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін.


Оралда кафедегі жарылыстан екі адам қаза тапты

Оралда кафедегі жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қираған ғимарат астынан 6 адам табылып, бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында екі адам көз жұмды. Адамдардың кім екені анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда» деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кафеде жарылыс болып, соңы өртке ұласқанын жазған болатынбыз.