Оралда оқушылар қыздар дәретханасындағы бейнекамераға шағымданды

0
2 314

​Мектептің жоғары сынып оқушылары камераны видеоға түсіріп алған, ол қыздар дәретханасының алдында тұр.


Оралда оқушылар қыздар дәретханасындағы бейнекамераға шағымданды

ERNUR.KZ. Оралдағы №26 орта мектептің жоғары сынып оқушылары дәретханада бейнебақылау орнатылғанын айтып шағымданды. Мектеп директоры оның жай ғана муляж екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Мектеп оқушылары түсірген фотода камералар дәретханадан шыққан жерде тұр. Ал мектеп директоры Ләззат Қастуғанова журналистермен әңгіме барысында бастапқыда қыздарға арналған дәретханада камераның жоқ екенін айтты. Алайда айғақ ретінде жіберілген видеоны көріп, пікірін өзгертті.

"Бастапқыда бұл ерлерге арналған дәретхана болды. Қыркүйекте кафель ауыстырылғаннан кейін ашылды, оған дейін жабық тұрған. Жоғары сынып оқушылары дәретханада "алым-салық" жинағаннан кейін әдейі муляж орнаттық. Біз бәрін көріп, қарап отырғандай болу үшін, себебі бірдеңе дәлелдеу және оларды ұстау мүмкін емес болды. Бұл муляж ілулі болғанымен төмен қарап тұр, қыздарға арнап дәретхана ашқан кезде алып тастауды ұмыттық", - деді мектеп директоры.

Айтуынша, муляж тоққа қосылмаған. Сондай-ақ, мектеп директоры журналистерді кабинетіне апарып, ол жерде камераның жұмыс істемейтінін көрсетті.

Сонымен қатар адам құқықтары жөніндегі бюро филиалының басшысы Павел Кочетков камералар жұмыс істемейтін болса, мектеп әкімшілігі ештеңе бұзбағанын айтты.

"Жалпы бұлай істеуге болмайды. Дәретханада ұрып-соғу, алым-салық жасау жиі болатыны түсінікті. Мұндай "қорқытуға арналған" камера туралы жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіп тұрмын. Мұны мектеп әкімшілігінің ойлап тапқаны деп атауға болады. Жақсы оймен жасағаны түсінікті. Алайда жалпы алғанда бұлай істеуге болмайды, ол муляж ба, жоқ па, кім біледі", - деді Кочетков.