Оралда тоғызыншы қабаттан құлаған 11 жастағы бала есін жиды

0
687

Бала есін жиғаннан кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылды.


Оралда тоғызыншы қабаттан құлаған 11 жастағы бала есін жиды

ERNUR.KZ. Орал қаласында тоғызыншы қабаттан құлаған 11 жастағы бала есін жиды, деп жазады inform.kz.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бала бұған дейін қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан еді.

«Бала есін жиғаннан кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылды. Қазір травматология бөлімшесінде, жағдайы орташа ауырлықта. Дәрігерлердің қадағалауында, ем алып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатқанын, басқа өзгеріс жоқтығын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 11 жастағы баланың жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік.