Ораза қашан басталатыны белгілі болды

0
1 074

​Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеме жасады.


Ораза қашан басталатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Мұсылмандар асыға күтетін Рамазан айы 24 cәуір күні басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының басталатын күнін белгіледі. Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылмандар асыға күтетін Рамазан айы биыл елімізде 24 cәуір күні басталатын болды", - деді ол.