Орман шаруашылығы инспекторы заңсыз аң аулаумен айналысқан кезде қайтыс болған - БҚО полициясы

0
815

Тергеу әлі жүріп жатыр.


Орман шаруашылығы инспекторы заңсыз аң аулаумен айналысқан кезде қайтыс болған - БҚО полициясы

ERNUR.KZ. Полицейлер куәгер, күдікті және марқұм Серік Маженов қорықтық аймақта аң аулаумен заңсыз айналысқанын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz

БАҚ-та 14 желтоқсанда сағат 09.30 шамасында БҚО Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы, 1977 жылы туған Серік Сағындықұлы Мәженов қаруды абайсыз қолдану салдарынан қайтыс болғаны хабарланған еді.

Алайда полицейлердің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Тергеу кезінде куәгерлер, күдікті мен жәбірленуші қорықтық аймақта аң аулаумен заңсыз айналысқаны анықталды. Тергеу әлі жүріп жатыр. БҚО Полиция департаменті өкілдері ресми дереккөздерге сеніп, жалған ақпараттан аулақ болуды сұрайды. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқан жағдайда Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жаза қарастырылғанын ескертеді", - делінген хабарламада.