Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметінен кетті

0
885

Нұрлан Қылышбаев 2022 жылдың ақпанында тағайындалған болатын.


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметінен кетті

ERNUR.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев қызметінен кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы ол комитеттің Іnstagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап, басқа жұмысқа ауысуыма орай, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметін тоқтатамын.
Еліміздің табиғат қорғау саласының дамуына үлес қосу мен үшін үлкен абырой және жауапкершілігі мол қызмет болды. Әріптестеріме алғыс білдіре отырып, алдағы еңбектеріне сәттілік тілеймін!» - деп жазды ол.

Айта кетсек, Нұрлан Қылышбаев аталған қызметке 2022 жылдың ақпанында тағайындалған болатын.

Нұрлан Қылышбаев 1971 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық институтты бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы «Талдықорған – Нижний Новгород» сауда үйінің жетекші маманы болып бастаған.

1994-1996 жылдары — Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің жетекші инженері.

1996-1997 жылдары — ҚР ІІМ органдарында қызмет атқарды.

1997-1999 жылдары — Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі.

1999-2004 жылдары — Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімі аппаратында консультант, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы.

2004-2010 жылдары — коммерциялық ұйымның президенті.

2010-2013 жылдары Талдықорған қаласы, Алматы облысының Табиғи ресурстар басқармасында басшылық қызметтерді атқарған.

2013-2016 жылдары — Алматы облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылының әкімі.

2016-2017 жылдары — алтыншы сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.

2017 жылғы қыркүйектен бастап алтыншы сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитет мүшесі болды.

2022 жылдың ақпанында ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.